ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ЕМДЕУДЕ ДИАГНОЗ ҚОЮ ҮШІН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖҮЙЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ МОДЕЛІН ҚҰРУ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53364/24138614_2025_36_1_13
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бүгінгі таңда қазіргі әлемнің маңызды мәселелерінің бірі онкологиялық аурулардың көбеюі болып табылады. Халықтың әртүрлі санаттары ауруға бейім. Осыған байланысты онкологиялық ауруларды ерте анықтау және олардың алдын алу өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Ерте анықтау және дәл диагноз қою, емдеу шараларын қабылдау және пациенттердің өмір сүру ұзақтығын арттыру мүмкіндігін арттырады. Ақпараттық технологияларды медицинада қолдану жоғары қарқынмен дамиды. Қазіргі уақытта медицинада шешімдерді қолдаудың көптеген жүйелері бар. Мұндай жүйелер көптеген аурулардың диагнозында кеңінен қолданылады. Онкологиялық аурулар бойынша диагноз қоюда сараптамалық жүйелер де әзірленді. Бұл мақаланың негізгі идеясы онкологиялық ауруларды емдеуде диагноз қою үшін сараптамалық жүйелерде қолданылатын тәсілдерді ғылыми талдау және жіктеу болып табылады. Ерекшелігі-диагноз қою кезінде сараптамалық жүйе үшін ең оңтайлы тәсілді анықтау. Осы зерттеуге бағытталған мәселе ол Семей өңірінде онкологиялық ауруларды емдеу бойынша талдау және ұсыныстар беру процесінің дәлдігін жеделдетуге және арттыруға, онкологиялық ауруларды емдеу кезінде диагноз қою жөніндегі интеллектуалды жүйенің тұжырымдамалық моделін құруға мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйені құру тәсілін таңдаудың негіздемесі.