ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ӘСЕРІ: САРАПШЫЛАРДЫҢ БАҒАЛАУЫ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2024.55.1.010
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың дамуы, Өзбекстанның сыртқы саяси өзгерістерінің Орталық Азиялық ынтымақтастыққа әсері талқыланып, Орталық Азияның аймақтық ынтымақтастығының даму перспективаларына баға берілген. Өзбекстан президенті Ш. Мирзиеевтың сыртқы саяси бастамалары талқыланып, Қазақстан мен Өзбекстан қатынастарының даму болашағына талдау жасалған. Сондай-ақ, Орталық Азиялық ынтымақтастық және Өзбекстанның сыртқы саяси өзгерістеріне қатысты отандық, шетел және Орталық Азиялық зерттеушілердің пікірлері сараланып, салыстырылған. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара байланыстың жаңа тәсілдері талқыланып, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтың жаңа сыртқы саяси бастамаларының Орталық Азиялық ынтымақтастыққа әсері туралы баяндалған. Автор мақалада Өзбекстан президенті Ш. Мирзиеевтың билікке келген кезінен бастап сыртқы саясатында орын алған өзгерістерін сараптамалық тұрғыдан бағалап, Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримов және қазіргі президенті Шавкат Мирзиеевтың саясатын салыстыра отырып, осы кезеңде Орталық Азиялық ынтымақтастықтың даму деңгейін сипаттаған. Автордың пайымдауынша, Орталық Азиядағы негізгі аймақтық бастамалар Қазақстан мен Өзбекстан елдерінен туындайды, сол себепті қазақ-өзбек қатынастары аймақтың дамуы үшін маңызды болып табылады. Түйін сөздер: екіжақты қатынастар, өңір, интеграция, келіссөздер, даму, Орталық Азия, стратегия, сыртқы саясат