Аннотация
Бұл мақалада анықталмағандық жағдайында жұмыс жасайтын магистральдық мұнай құбырындағы технологиялық процестердің моделін құру қарастырылады. Біріншіден, технологиялық режимдерді өлшеу барысында магистральдық мұнай құбыры тағы құрылатын құрылымдық жүйесі мен ауысатын өлшемдермен жасақталған күрделі сипаттағы жүйе ретінде ұсынылған. Айдау процесін бастау және тоқтату, бұрмаларды қосу және ажырату, бекіту және реттеу арматурасының процесі барысында, сондай – ақ әртүрлі бұзылулар ен апаттар-құбырдың сынуы мен толып қалу уақытында пайда болатын мұнай құбырындағы ауыспалы процестердің математикалық сипаттамасы келтірілген. Мұнай ағынының ауысатын параметрлерінің ішінде құбырдағы қысым мен ағынның ауысу сипаттамалары зерттеледі. Құбырдың бастапқы жай-күйі оның негізгі үлестірілген параметрлері жағынан және стационарлық емес жұмыс режимі жағдайында MATLAB/SimHydraulics бағдарламалық қамтамасыз ету тұрғысында есептеледі. Содан соң ұсынылған әдіс магистральдық мұнай құбыры аймағында орнатылмаған процестерді модельдеу есебін шешу мақсатында қолданылады. Осылайша, құбырдағы стационарлық емес (динамикалық) модельдерді құру нәтижесінде алынған тәжірибені магистралдық мұнай құбырын қолдану кезінде алдын ала пайымдау және басқару жүйелерінің өнімділігін көбейту үшін қолдануға болады.