ЗАМАНАУИ БАЛЕТТІҢ МУЗЫКАЛЫҚ НЕГІЗІ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ («ЖУСАН» БАЛЕТІ МЫСАЛЫНДА )

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v9i4.811
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада қазіргі заманғы мәдениет әртүрлі көркем бағыттардың элементтерін синтездейтін күрделі тірі организм ретінде қарастырылады: jazz-folk, неоклассика, электронды музыка және т.б. ХХІ ғасырда Қазақстанда балет спектакльдерінің музыкалық сүйемелдеуі мен олардың сюжеттік негіздерінің трансформациясы жүріп жатыр. Бұрын спектакльдерге арналған музыка композиторлар тарапынан жазылса, қазіргі таңда музыкалық сүйемелдеудің компилятивтік сипаты байқалады, мұнда хореографтар өз қойылымдарына жеке талғамдарына сүйене отырып музыка таңдайды. Сонымен қатар, сценография да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Мақаланың мақсаты – қазіргі мәдени өзгерістер контексінде қазақ балетінің эволюциясын зерттеу, мифологиялық образдарды баламалы тұрғыдан түсінуге және оларды заманауи контекске енгізуге назар аудару. Бұл жұмыс Людмила Жуйкова, Әлима Молдахметова, Әнвара Садықова еңбектерінің жалғасы болып табылады, онда мифологиялық образдардың би мен балет спектакльдерінде іске асырылуы қарастырылады. Зерттеу барысында тарихи, мәдени-ретроспективалық әдістер, сондай-ақ салыстырмалы талдау және мифореставрация әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде балет спектакльдеріндегі негізгі өзгерістердің аспектілері негізделіп, мифологиялық образдардың Әнвара Садықованың шығармашылығына және қазіргі қазақ балетіне әсері көрсетілді. Бұл образдардың қазақ балетін байыта отырып, оны тек көркемдік өзін-өзі білдіру құралы ғана емес, өткен мен қазіргі арасындағы мәдени диалогтың маңызды бөлігіне айналдыратыны талданды. Бұл жұмыс халықаралық қауымдастыққа қазақ балеті туралы түсінікті кеңейтеді, қазақ балетінің дәстүрлі қазақ мотивтері мен заманауи көркем бағыттарды үйлестіретін мәдени феномен ретіндегі эволюциясына бірегей көзқарас ұсынады. Ол Қазақстан балет өнерінің ғаламдану дәуірінде өз бірегейлігін қалай сақтайтынын көрсетеді.