Аннотация
Мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті ақын, жазушысы Жұмекен Нәжімеденовтің «Данқ пен дақпырт» романына талдау жасалған. Романның бас кейіпкерінің тағдыры арқылы жазушы өз дәуіріне тән өзекті мәселелерді қамтыған. Шығармада бір-біріне характерлік тұрғыдан қарама-қайшы кейіпкерлер образы жан-жақты сипатталады. Зерттеу жұмысында романның көркемдік-идеялық ерекшелігін зерттеп, романдағы даңқ пен дақпыртқа құрылған өнер адамының тағдырын сараптау негізге алынады. Шығарманың көркемдік қуатын арттыру үшін қолданылған мәтіндегі монолог, диалог, ситуация секілді психологиялық әдіс-тәсілдердің рөліне айрықша мән беріледі. Өнер жолындағы түрлі қақтығыстарды, атақ-даңқтың да екінші көлеңкелі тұсын, шығармашылық күйреу секілді проблемаларды көркем шығарманың идеясына айналдырған жазушы шеберлігі де сарапталады. Халық болмысының негізгі діңгегіне айналған ұлттық таным-түсінік, салт-сана, әдет-ғұрып жайы тілге тиек етіліп, шығармадан мысал келтіре отырып талданады.