ШЕТ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫН ҮЙРЕТУДЕ PEARDECK ФОРМАТЫН ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss4pp263-276
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жаңа технологиялар ғасыры білім саласына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Көптеген инновациялық технологиялар, әсіресе індет кезіндегі қашықтан оқытудың жаңа әдістемелері, жаңа педагогикалық тәсілдер, диагнос­тика, мониторинг процестері, бағдарламалар, сабақ құрылымын әзірлеуге қатысты көкейкесті мәселелер алдыңғы қатарға шықты. Осыған байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде лексиканы оқыту, біздің ойымызша, негізгі жалпы білім берудің негізгі білім беру бағдарламасын меңгерудің маңызды бағыттарының бірі болып көрінеді. Зерттеудің мақсаты- өзге тілдің лексикасын меңгерудің жаңа әдісі PearDeck форматын қолданудың тиімділігінің әдістемесін теориялық негіздеу және практикалық тұрғыдан жүзеге асыру. Зерттеудің теориялық маңыздылығы өзге тілдің лексикасын уйретуде PearDeck форматын қолдану негіздері ашылды; оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерінің мүмкіндіктері анықталды; оқыту процессінде инновациялық технологиялардың ерекшеліктері көрсетілді. Зерттеудің нақты нәтижелері ретінде студенттердің білімді игерудегі белсенділігі мен оқытушының сабақта қолданатын оқыту әдістерінің өзара байланысы туралы толықтырады және оқыту әдістерін одан әрі жетілдіруде маңызды екені нақтыланады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы PearDeck форматын қолдануды шетелдік білім беруге енгізудің әзірленген түрлерін оқытушылардың білім деңгейін арттыруда пайдалана алатындығында. Диссертация материалдарын «педагогика», «педагогикалық психология» бойынша дәрістер курсын оқу кезінде жоғары оқу орындарының оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталықтарының бағдарламасына енгізуге болады