Аңдатпа
Жаңа технологиялар ғасыры білім саласына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Көптеген инновациялық технологиялар, әсіресе індет кезіндегі қашықтан оқытудың жаңа әдістемелері, жаңа педагогикалық тәсілдер, диагностика, мониторинг процестері, бағдарламалар, сабақ құрылымын әзірлеуге қатысты көкейкесті мәселелер алдыңғы қатарға шықты. Осыған байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде лексиканы оқыту, біздің ойымызша, негізгі жалпы білім берудің негізгі білім беру бағдарламасын меңгерудің маңызды бағыттарының бірі болып көрінеді. Зерттеудің мақсаты- өзге тілдің лексикасын меңгерудің жаңа әдісі PearDeck форматын қолданудың тиімділігінің әдістемесін теориялық негіздеу және практикалық тұрғыдан жүзеге асыру. Зерттеудің теориялық маңыздылығы өзге тілдің лексикасын уйретуде PearDeck форматын қолдану негіздері ашылды; оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерінің мүмкіндіктері анықталды; оқыту процессінде инновациялық технологиялардың ерекшеліктері көрсетілді. Зерттеудің нақты нәтижелері ретінде студенттердің білімді игерудегі белсенділігі мен оқытушының сабақта қолданатын оқыту әдістерінің өзара байланысы туралы толықтырады және оқыту әдістерін одан әрі жетілдіруде маңызды екені нақтыланады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы PearDeck форматын қолдануды шетелдік білім беруге енгізудің әзірленген түрлерін оқытушылардың білім деңгейін арттыруда пайдалана алатындығында. Диссертация материалдарын «педагогика», «педагогикалық психология» бойынша дәрістер курсын оқу кезінде жоғары оқу орындарының оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталықтарының бағдарламасына енгізуге болады