Аннотация
Адами капитал экономиканы дамытудағы жетекші орындардың бірін алатын көрсеткіш. Ал оның қалыптасуына негіз болатын жүйе ретінде «білім» категориясының маңыздылығы жоғары. Соңғы жылдары әртүрлі елдердің экономикалық өсуіндегі білімнің рөлін зерттеуге ғалымдар тарапынан жоғары қызығушылық байқалуда. Экономиканың дамуының қазіргі білім мен қабілеттерге негізделген сипатында нақты аймақтың білім әлеуеті оның әлеуметтік-экономикалық бәсекелестік артықшылықтарын құруды, инвестициялық тартымдылығын және аймақтық инновациялық ішкі жүйелерді тиімді дамытуды қамтамасыз ететін негізгі өңірлік құзыреттерді қалыптастырудың басты ресурсы әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың негізі болып табылады. Мақалада білім әлеуеті ұғымының шығу негіздемесі көрсетіліп, терминнің түсініктемесі берілген. Сонымен қатар, білім әлеуетін аймақтық масштабта зерттеудің өзектілігі негізделіп, оған әр тұрғыдан әсер ететін факторлар көрсетілген.