ИСЛАМ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ НОРМАШЫҒАРУ ӘДІСНАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МҰСЫЛМАН МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63546/3005-2246.2026.13.1.001
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада ислам құқығындағы нормашығару үдерісі (хукм) және оның мұсыл-манның құқықтық санасы мен мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлі кешенді ғылыми-құқықтық тұрғыдан талданады. Зерттеу ислам құқығының теориялық негіздерін айқындай отырып, шариғат-тық норманың қалыптасу тетіктері мен әдіснамалық талаптарына баса назар аударады. Атап ай-тқанда, хукм ұғымының мәні, оның негізгі дереккөздері (Құран, Сүннет, ижма, қияс және қосымша дәлелдер), сондай-ақ норманың заңды әрі тұрақты түрде қалыптасуы үшін қажетті үш іргелі шарт – дереккөздерді терең білу, ижтихадқа қойылатын біліктілік талаптары және истидлял әдістері жан-жақты қарастырылады.Мақалада дәстүрлі ислам құқықтық мектептерінде қалыптасқан нормашығару жүйесінің тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызы айқындалып, осы әдіснамалық та-лаптарды елемеу нәтижесінде туындайтын құқықтық нигилизм мен девианттық мінез-құлықтың қоғам үшін қауіпті салдарлары көрсетіледі. Авторлар деструктивті діни ағымдардың құқықтық нор-маларды үстірт әрі дәлелсіз түсіндіруі қоғамдық тәртіпке, құқықтық санаға және діни тұрақтылыққа кері әсер ететінін негіздейді. Зерттеу нәтижелері ислам құқықтануының классикалық қағидаттарын сақтау қазіргі мұсылман қоғамында құқықтық тұрақтылық пен бейбіт өмірді қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін дәлелдейді.