Абай ғылымы

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp95120261
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада хакім Абайдың рухани-танымдық мұрасы герменевтикалық талдау тәсілі арқылы зерделенеді. Автор Абай шығармаларын жалпылама баяндау мен идеологиялық түсіндіруден арылтып, ақынның жеке өлең жолдары мен қара сөздеріндегі ұғымдарды нақтылы мәтіндік талдау негізінде ашуға ұмтылады. Мақаланың негізгі тұжырымы – ғылыми айналымда жиі қолданылып жүрген «Абай ілімі» ұғымының теологиялық сипатын сынға алып, оның орнына «Абай ғылымы» деген ұғымды енгізу қажеттігін дәлелдеу. Зерттеуде Абайдың ғылым, ғалым, хакім, ілім, иман, жәуанмәртлік, махаббат, сенім, толық адам секілді негізгі категориялары исламдық дүниетаным, қазақы дәстүр және зайырлы таным аясында жүйелі түрде қарастырылады. Абайдың хакімдік деңгейі пайғамбарлық пен әулиелікпен шатастырылмай, оның иман якини дәрежесіндегі ойшыл екені айқындалады. Автор Абай дүниетанымының маркстік-атеистік ілімдерге түбегейлі қарсы екенін көрсетіп, Абай ғылымын адамзатты тұтастықта қарастыратын, қайшылықты емес, үйлесімділікке негізделген рухани-ғылыми жүйе ретінде тұжырымдайды. Мақала абайтану, философия, дінтану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеушілерге, сондай-ақ Абай мұрасын терең түсінуге ұмтылған оқырман қауымға арналған. Түйін сөздер: Абай ғылымы, хакім Абай, герменевтикалық талдау, үш сүю, толық адам, исламдық дүниетаным, рухани таным, абайтану.