АГРЕССИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ТАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУШІ ТОПТЫҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙІНЕ ӘСЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-135-6-114-122
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада агрессиялық іс-әрекеттердің фактілерін автоматты түрде анықтау бойынша зерттеулер жүргізіледі. Буллинг ерекшеліктері мен салдары қарастырылады. Бейнеде адамдардың психоэмоционалды күйін тану үшін жасанды интеллекттің бағдарламалық моделі жасалды. Бұл жұмыстың мақсаты қолданбалы компьютерлік көру саласындағы зерттеулер және агрессивті мінез-құлықтың адамдардың психоэмоционалды жағдайына әсерін талдау болып табылады. Мектептердегі агрессивті мінез-құлық пен буллинг мәселесі өзекті болып қала береді. Алынған нәтижелер осы мәселені түсіну үшін жаңа мәліметтер береді және оның салдарын азайту жолдарын ұсынады. Жиналған деректер мен алынған нәтижелер буллингтың психоәлеуметтік факторларын зерттеуге, бейнебақылау субъектілерінің өзара әрекеттесу динамикасын бақылауға, буллингтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды әзірлеуге үлес қосады.