Аңдатпа
Бұл мақалада қазақтың тарихи жырлары мазмұны, көркемдік қуатыжағынан эпостық шығармаларымыздан кем түспейтіндігі айтылған. Мақаланың мақсаты рухани байлығымыз тарихи жырлардың тұтастығын бүгінгі көзқарастар тұрғысынан қайта қарастыру, яғни тарихи жырлардың шығу тегі мен дамуын, құрылымын, жанрлық ерекшелігін және фольклордың басқада жанрларыменарақатынасын толық ашу, сөйтіп көркемдік табиғатының тұтастанған жүйе екендігінепоэтикалық жағынан нақтылы көз жеткізу. Мақсатқа қол жеткізу үшін тарих,мәдениеттану, этнология, тіл білімі ғылымдарымен байланыста қаралды. Тарихи жырларды саралауда салыстырмалы және жүйелі талдау әдістері қолданылды. Ғылыми зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін құрайтын 100 дереккөзге аналитикалық шолу жасалды. Тарихи жырлардағы кеңістіктің сәйкестенуі және баяндаудағы уақыт түрлерін батырлық жырлармен салыстыра отырып, өзіндік ерекшеліктері ашылды. Мақала нәтижелері поэтика ғылымының зерттеу әдіс-тәсілдеріне байланысты тарихи жырлардың көркемдік болмыс-бітімін таразылап, тұтастай құрылымдық жағынан қарастырылды. Тарихи жырлардың шығу тегі мен дамуы, құрылымы, жанрлық ерекшелігі және фольклордың басқада жанрларымен арақатынасы ашылды. Көркемдік табиғатының тұтастанған жүйе екендігіне поэтикалық жағынан нақтылы көз жеткізіледі.