ЭТИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРДЕГІ АНИМАЛИСТІК ЛЕКСИКАНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ (ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ БОЙЫНША)

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss4pp82-93
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеуде этиологиялық ертегілердегі анималистік лексика лингвомәдени талдауға алынған. Зерттеудің мақсаты – қазақ ертегілеріндегі анималистік лексиканың лингвомәдени сипатын тіл мен мәдениет байланысында түсіндіру. Зерттеу нысаны ретінде қазақ тіліндегі этиологиялық ертегілерден 1,25 баспа табақ мәтін алынды. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізіне отандық және шетелдік лингвомәдениеттанушы ғалымдардың тұжырымдары басшылыққа алынды. Зерттеудің жаңалығы алғаш рет қазақ этиологиялық ертегілеріндегі анималистік лексикаға кешенді лингвомәдени талдауынан көрінеді. Мақалаға тіл білімінің антропоөзектік парадигмасы аясында қалыптасқан «тіл-адам-мәдениет» тұжырымдамасы негіз болды. Зерттеу нәтижесінде этиологиялық ертегілердегі анималистік лексика қазақ этносындағы қоғамдық қатынастарды, тілдік санада қалыптасқан ұлттық құндылықтарды, қазақтың психологиясын, философиясын, өмір сүру салтын бейнелейтін мәдени лексика ретінде танылды. Ғылыми зерттеудің теориялық құндылығы лексикалық мағынаны зерттеудегі лингвомәдени тұжырымдардың зерделенуінен көрінеді. Ертегідегі анималистік лексиканы зерттеудің практикалық құндылығы ауқымды ертегі мәтіндерінің талдауға алынуымен және лексиканы лингвомәдени талдауға арналған болашақ ізденістерге материал ретінде пайдалы болуымен түсіндіріледі.