ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63034/esr-201
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада инновациялық педагогикалық технологиялар әдістерінің бірі арқылы ғылыми жобаны зерттеудің нақты мысалы келтірілген. Физика пәні бойынша білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жобалық әдісті қолдану моделі алынды. Ғылыми жоба моделінде жобалау алгоритмі, жобаның мақсаты, жобаның қысқаша сипаттамасы, жобалау әдісі бойынша оқытудың нәтижесі бар. Phywe қондырғысының мысалында физиканың «Оптика» тарауына арналған «Малюс заңы зерттеу» атты ғылыми жоба қаралды. Малюс заңын тексеру арқылы жазық поляризацияланған жарықтың қасиетін зерттелінді. Малюс заңын тексеру арнайы қондырғыда жүргізілді. Фототоктың ток күші мәндері сонымен қатар, қондырғыға түсірілген жарықтың қарқындылығы өлшеніп, алынған мәліметтер бойынша кесте құрастырылды, жазық поляризацияланған жарықтың қасиеттеріне сәйкес график тұрғызылды.