Аңдатпа
Заманауи өндірістің көптеген салаларында адамды ауыстыруға қабілетті өнеркәсіптік робот-манипуляторларды, сондай-ақ адам үшін қауіпті жағдайларда қолдануға болатын автоматты жүйелерді құру өзекті ғылыми-техникалық мәселе болып табылады. Роботтардың маңызды кластарының бірі - қиын жерлерде жүруге арналған жаяу жүретін роботтар. Біздің мақсатымыз – роботтандырылған қозғалатын объектілерді адаптивті басқару, сондай-ақ бағдарламалық-аппараттық кешен әзірлеу.