Бастауыш сынып оқушыларының эмоционалдық сауаттылығын дамытуда мультимедиялық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін талдау

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51582/interconf.19-20.10.2024.011
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Эмоциялық сауаттылық – адамның өз эмоцияларын тану, түсіну жəне басқару, сонымен қатар басқалардың эмоцияларын адекватты түрде қабылдау қабілеті. Заманауи мультимедиялық технологиялар бұл дағдыларды, əсіресе бастауыш білім беру жағдайында дамытудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының эмоционалдық сауаттылығын дамыту үшін мультимедиялық технологияларды қолданудың тиімділігі талданады. Қазіргі білім беру үрдісінде мультимедиялық ресурстар эмоцияны қабылдау, өзін-өзі реттеу жəне эмпатия сияқты дағдыларды дамытуға ықпал ететін эмоционалдық интеллектті қалыптастырудың маңызды құралына айналуда. Мақала əртүрлі мультимедиялық бағдарламаларды қолдану арқылы жүргізілген эксперименттік деректерге негізделген жəне олардың балалардың эмоционалдық дамуына əсерін талдайды. Алынған нəтижелер бастауыш сынып оқушыларының эмоционалдық құзыреттіліктерін қалыптастыруда мультимедиялық технологиялардың айтарлықтай тиімділігін дəлелдейді.