Аннотация
Кіріспе: Адам ағзасынан зиянды және уландырғыш заттарды бойына сіңіріп шығаратын энтеросорбенттерге әдебиеттік шолу жүргізу. Энтеросорбенттердің жіктелуі және емдік әсерлері қарастырылады. Табиғи тектес энтеросорбент пектин дәрілік препарат түрінде және күнделікті тамақтану рационында қолданылатын табиғи өнімнің маңыздылығы қарастырылған. Мақсаты: Фармациялық практикада қолданылатын энтеросорбенттерге және табиғи тектес пектин энтеросорбентінің маңыздылығына әдебиеттік шолу жүргізу. Іздеу стратегиясы: Ақпараттық іздеу көздері мамандандырылған сайттарда Google Scholar, Web of Science, CyberLeninka электрондық ғылыми кітапханасында, PubMed (https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/) дерекқорда әдеби көздер іздестірілді. Іздеу тереңдігі 15 жыл болды. Келесі кілт сөздері қолданылды: MeSH терминдері: enterosorbent, carbon, silicon dioxide, lignin, pectin. Қосу критерийлері: мақалалардың толық нұсқалары, метаанализдер және жүйелік шолулар; Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген зерттеулер бойынша ағылшын, орыс тілдеріндегі мақалалар алынды. Алу критерийлері: бір жағдайларды және бірқатар істерді сипаттайтын мақалалар; 2000 жылдан ерте жарияланған мақалалар; дәлелдемелік базасы жоқ материалдар, есептер тезистері, тезистер және газет басылымдары. Барлығы 4664 дереккөздер табылды, оның 60-ы одан әрі талдауға таңдалды.Қорытынды талдау үшін 10 мақала таңдалды. Нәтижелері: Фармацевтикалық практикада қолданылатын энтеросорбенттердің түрлеріне ақпараттық шолулар жасалынды. Қазақстан Респубикасында фармацевтикалық рынокта дәрілік заттарды тіркеу реестрінде 14 адсорбциялық препарат бар екендігіне анықталынды. Энтеросорбенттердің сорбциялық көлемінің ұлғаюына сәйкес сорбциялық қабілеті жағынан белсендірілген көмір негізінде жасалынған препараттар алдыңғы орында тұрғаны айқындалады. Көміртек негізіндегі препарттарды ұзақ уақыт қолдануы, асқазан ішек жолдарының шырышты қабаттарының тітіркенуіне және асқазанның ойық жараларында қолдануға болмайтынын ескеру қажет. Асқазан ойық жараларында көбінесе табиғи энетеросорбенттерді қолданған тиімді болады. Атап айтатын болсақ табиғи талшықтар, лигнин, пектин. Қорытынды: Осылайша, энтеросорбенттер медицинада өте ежелден қолданылуына қарамастан, әлі күнге дейін өзекті дәрілік препараттар болып табылады. Осы топтағы дәрі-дәрмектерді қолдану гастроэнтерология шеңберінен әлдеқайда асып түсті және жедел интоксикация мен диарея кезінде липидтер мен көмірсулар алмасуының бұзылуы сияқты әртүрлі аурулармен ауыратын науқастарға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Introduction: A review of the literature on enterosorbents that absorb harmful and toxic substances from the human body. The classification and therapeutic effects of enterosorbents are considered. The importance of the natural enterosorbent pectin in the form of a drug and a natural product used in the daily diet is considered. Purpose: A review of the literature on enterosorbents used in pharmaceutical practice and the importance of natural pectin enterosorbents. Search strategy: The search for sources was carried out in the Web of Science, PubMed database (https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/), using the specialized search engine Google Scholar and in the CyberLeninka electronic scientific library. The search depth was 15 years. The following keywords were used: MeSH Terms: enterosorbent, carbon, silicon dioxide, lignin, pectin. Inclusion criteria: publications in full-text access, meta-analyzes and systematic reviews; articles in English, Russian, research conducted on the territory of the Republic of Kazakhstan. Exclusion criteria: articles describing single cases and series of cases; articles published earlier than 2000; materials without evidence, abstracts, abstracts and newspaper publications. A total of 4664 sources were found, of which 60 were selected for further analysis. For the final analysis, 10 articles were selected. Results: Informational reviews of the types of enterosorbents used in pharmaceutical practice have been developed. It has been established that in the Republic of Kazakhstan there are 14 adsorption drugs in the register of registration of medicines on the pharmaceutical market. In accordance with the increase in the sorption volume of enterosorbents, it is determined that in the first place in terms of sorption capacity are preparations made on the basis of activated carbon. With long-term use of drugs based on carbon, it should be borne in mind that it is not used in case of irritation of the mucous membranes of the gastrointestinal tract and gastric ulcer. In case of gastric ulcer, the use of natural energy sorbents will be most effective. In particular, natural fibers, lignin, pectin. Conclusions: Thus, enterosorbents, despite their very ancient use in medicine, are still relevant drugs. The use of this group of drugs has stepped far beyond the scope of gastroenterology and makes it possible to effectively provide assistance to patients with various diseases, such as disorders of lipid and carbohydrate metabolism, with acute intoxication and diarrhea. Введение: Обзор литературы по энтеросорбентам, абсорбирующим вредные и токсичные вещества из организма человека. Рассмотрены классификация и терапевтические эффекты энтеросорбентов. Рассмотрена важность натурального энтеросорбента пектина в виде лекарственного средства и натурального продукта, используемого в повседневном рационе. Цель: Обзор литературы по энтеросорбентам, применяемым в фармацевтической практике, и значению природных пектиновых энтеросорбентов. Стратегия поиска: Поиск источников проводился в базе Web of Science, PubMed, с помощью специализированной поисковой системы Google Scholar и в электронной научной библиотеке CyberLeninka. Глубина поиска составила 15 лет. Использовались следующие ключевые запросы: MeSH Terms: enterosorbent, carbon, silicon dioxide, lignin, pectin. Критерии включения: публикации, находящиеся в полнотекстовом доступе, мета анализы и систематические обзоры; статьи на английском, русском языках, исследования, проведенные на территории Республики Казахстан. Критерии исключения: статьи, описывающие единичные случаи и серии случаев; статьи, опубликованные ранее 2000 года; материалы, не имеющие доказательной базы, резюме докладов, тезисы и газетные публикации. Всего было найдено источников 4664, из которых для последующего анализа отобраны 60. Для итогого анализа были выбрани 10 статей. Результаты: Разработаны информационные обзоры видов энтеросорбентов, применяемых в фармацевтической практике. Установлено, что в Республике Казахстан в реестре регистрации лекарственных средств на фармацевтическом рынке имеется 14 адсорбционных препаратов. В соответствии с увеличением сорбционного объема энтеросорбентов определяется, что на первом месте по сорбционной способности находятся препараты, изготовленные на основе активированного угля. При длительном применении препаратов на основе углерода следует учитывать, что при раздражении слизистых оболочек желудочно-кишечного тракта и язвенной болезни желудка не применяется. При язвенной болезни желудка наиболее эффективным будет использование природных энетеросорбентов. В частности натуральные волокна, лигнин, пектин. Выводы: Таким образом, энтеросорбенты несмотря на их весьма древнее применение в медицине, по-прежнему остаются актуальными препаратами. Использование этой группы препаратов шагнуло далеко за пределы гастроэнтерологии и позволяет эффективно оказывать помощь пациентам с различными заболеваниями, такие как нарушения липидного и углеводного обменов, при острых интоксикациях и при диареях.