Аннотация
Бұл мақалада нашар еститін 2 сынып оқушыларыныңтүсініп оқу дағдыларыныңдаму ерекшеліктері зерттеледі. Есту қабілетініңбұзылуы балалардыңтанымдық, сөйлеу және оқу процестеріне әсер етеді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, нашар еститін оқушылардыңоқу дағдыларын дамыту арнайы әдістер мен түзету жұмыстарын қажет етеді. Аудиовизуалды және көрнекі-бейнелік әдістерді қолдану арқылы оқу тиімділігін арттыру мүмкіндігі зерттелген.Мақалада әдістіңтеориялықнегіздері, оныңартықшылықтары мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардыңжеке қажеттіліктеріне бейімделу мүмкіндіктері талқыланады. Әдісті қолданудыңәлеуметтік және когнитивті аспектілері және оныңоқушылардыңөзіне деген сенімділігін арттырудағы рөлі де талданады. Зерттеу нәтижелері арнайы педагогикадағы түсініп оқу дағдыларын және оныңерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардыңкешенді дамуы үшін маңыздылығын растайды.