УНИВЕРСИТЕТТЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2024.2518-1467.834
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі еңбек нарығы оны жүзеге асыруға шығармашылық көзқарасты жүзеге асыратын белсенді кәсіби қызметке қабілетті мамандарға мұқтаж. Үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға жедел әрекет ете алатын жоғары білікті маман даярлау білім беру процесінде жоғары маңызға ие болды. Сондықтан жоғары оқу орындары кәсіби деңгейге жақын жағдай жасауға мүмкіндік беретін тәжірибеге бағытталған оқытуды жүзеге асыру жолдарын іздестіруде. Қазіргі заманғы тәжірибеге бағытталған оқыту мемлекет пен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес дамиды. Мақалада тәжірибеге бағытталған оқыту – бұл білім алушылардың нақты практикалық міндеттерді орындау арқылы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында студенттердің білім беру бағдарламасын игеру процесі. Тәжірибеге бағытталған оқыту іргелі жалпы білім беру мен кәсіптік-қолданбалы дайындықтың оңтайлы үйлесіміне негізделуі тиіс. Ұсынылған зерттеу білім алушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижелер университеттердің сапалы оқу процесін құруға және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін тәжірибеге бағытталған технологияларды үздіксіз жетілдіруі туралы айтуға мүмкіндік береді.