ЗОРАСТРИЗМДІК СЕНІМ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ БҮГІНГІ КҮНГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v101i3.561
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада діни сенім элементтерінің сақталуы және сарқыншақтарының қазіргі таңда салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарға айналғандығы туралы айтыла келе, Зорастризм сенімін негізгі алған көріністері баяндалды. Атап айтқанда, жақсылық пен жамандық туралы ырым-тиымдардың Авестадағы Ахура-Мазда мен Анхра Майньюдың күресіне байланысты туындағандығы туралы, ала жіппен өрілген тұсау кесу дәстүрінің де әлемдегі осы қарама-қайшылыққа байланысты екендігі, оның «өлі мен тірінің айтысында» да көрініс табатындығы, «Қындық-Сандық» деп аталатын ойының да осы мотивке қатысты екендігі туралы болжамдар ұсынылып, Зорастризмдегі отқа табыну сенімінің дәстүрлерде «Отты үрлеп өшірме», «Күлді баспа», «Отты, күлді шашпа», «Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме» деген сияқты тиымдар мен отпен аластау, отқа май құю сияқты элементтермен де сәйкес келетіндігі, шоқ алып келу үрдісінің де оған қатысты болатындығы, жаңа түскен келіннің отқа май құю салты, отпен немесе түтінмен аластау, шам-шырақтар жағу және «отағасы», «түтін түтету» т.б. ұғымдардың да осыған байланысты екендігі баяндалды. Сондай-ақ, бүгінгі наурыз мерекесі мен ондағы салттардың орындалуы да осы көне Зорастризмдік сенім дәстүрлері екендігі туралы тұжырымдар тиянақталды.