Қылмыстық заңнамасы аясында жаза тағайындау

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2024-148-3-119-138
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жаза, оны тағайындау мәселесі елімізбен қатар өзге мемлекеттерде де өте өзекті болып саналады. Мұнда сөз қылмыстық заңдағы жазаны тағайындау және қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғаларға қолдану барысында мүмкіндігінше қолжеткізілетін оның жағымды әлеуметтік салдары жөнінде болып отыр. Соңғы жылдары Қазақстанның қылмыстық саясаты онша ауыр емес және орташа қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты жеңілдетіп, ауыр және аса ауыр қылмыстармен күреске басты назар аударуда. Яғни, алғашқысы үшін заңмен белгіленген реттерде қылмыстар үшін қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаның қолданылу негіздері қарастырылып жатса, екіншісі үшін бас бостандығынан айыру жазасының сотталушыларға мүмкіндігінше дұрыс ықпал ету тұстары қарастырылуда. Жоғарыда айтылғандай, авторлар мақалада, жаза мақсатына қол жеткізу үшін жазаны кінәлі тұлғаға тағайындаудың жалпы негіздеріне тоқтала отырып, жаза түрлерінің қылмыстық нормалардың санкциясында қаншалықты жиі қарастырылатынына баға береді. Сонымен қатар бұл мәселені қолға алудың өзектілігі қылмыстық саясатты ізгілендіру бағытында қылмыстық заңнамаға сәйкес сот тәжірибесінде жаза тағайындағанда жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды қолданудың проблемалық тұстары бар екендігін көрсетеді. Мақалада авторлар жазаны жеңілдететін жағдайларға қатысты ұсыныстар келтіреді. Зерттеу жұмысының мақсаты құқық қолдану тәжірибесінде жаза тағайындау барысында туындайтын қайшылықтарды анықтау болып табылады. Ғылыми ізденісте формальды-логикалық, тарихи және салыстырмалы әдістер қолданылған.