Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзғаны үшін заңды жауапкершілік

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2024-148-3-175-190
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазіргі Қазақстан құқығындағы жануарларға қатыгездік жасағаны үшін жауапкершілікке тартуға байланысты өзекті мәселелер қарастырылады. Осыған байланысты жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзу, атап айтқанда жануарға қатысты құқықбұзушылықтар құбылысының өзін зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасының қазіргі құқықтық жүйесіндегі жануарлармен қарым-қатынастың құқықтық режимін зерттеп, жануарға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік түрлерін анықтау, жануарды қатегездік көрсетуден қорғауды құқықтық бақылау, жануарлардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі ережелерді және қолданыстағы заңнамаларды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау. Зерттеудің міндеттері шетелдік заңнамаларға және сот тәжірибесіне, ғалымдардың ой-пікірлеріне сүйене отырып, құқықбұзушылықтардың түрлеріне сипаттама беру және қолданыстағы заңнамаларды жетілдіруге өзіндік авторлық тұжырымдар беру. Авторлар жануарлардың құқықтық жағдайын талдаудан бастап, жануарларға деген көзқарастан тек заттар ретінде қарамауды, керісінше оларға азап пен эмоцияны сезінуге қабілетті тіршілік иелері ретінде тануға, үй жануарларын ұстау ережелерін бұзған жағдайда, басқалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін болған жағдайда қоғамдық қатынастардың осы саласында жануар иесінің жауапкершілікті нақтылау қажеттілігіне назар аударады. Қазақстан Республикасы құқығының әртүрлі салалары азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық белгілеген жануарларға қатыгездік үшін жауапкершілікті талдады. Жұмыстың нәтижесінде жүргізілген зерттеу авторларға жануарларды басқару ережелерін және үй жануарлары олармен жұмыс істеу ережелерін бұзған жағдайды реттеу саласындағы қолданыстағы заңнама бойынша бірқатар ұсыныстар тұжырымдауға мүмкіндік берді.