ҰЛЫБРИТАНИЯ-КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ (АНТИФАШИСТІК КОАЛИЦИЯ)

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.82.3.006
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы антифашистік коалицияның дипломатиялық тарихы осы күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің бірі. Әсіресе фашистік Германия Кеңес Одағына соғыс ашқаннан кейін басқа мемлекеттер, соның ішінде Ұлыбритания мен Құрама Штаттар антифашистік коалиция құруда басшылықты өз қолдарына алды.Германияға қарсы соғыста біріккен әскери қимылдар жасау туралы 1941 жылы 12-ші шілдеде қол қойылған КСРО мен Ұлыбритания өкіметтерінің арасындағы келісім антигитлерлік коалицияны құруда ең алғашқы қадам болды. Антигитлерлік коалицияның құрылуына, байланыстардың және ынтымақтас-тықтың орнауына 1941 жылы күзде өткен үш держава –КСРО, Ұлыбритания мен АҚШ-тың Мәскеу конференциясы маңызды рөл атқарды. Бұндай келісімдерге қол жеткізуге ағылшын елінің дипломатия-лық өнері үлкен әсерін тигізгені сөзсіз. Дегенмен, мәскеулік келіссөз барысында бірқатар мәселелер бойынша КСРО мен Англия арасын-дағы қайшылықтар жойылған жоқ болатын,сонымен қоса өзара көмек көрсету туралы бағдарлама жобасы да шығарылмаған еді. Алайда келісім КСРО мен Англия арасындағы достық, одақтық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік болды. Ол фашизмге қарсы күресіп жатқан мемлекеттердің одағын құруда маңызды рөл атқарды. Германияға қарсы біріккен қимыл-әрекеттер туралы ағылшын-кеңес келісіміне қол қою, сонымен бірге, экономикалық мәселелер бойынша ағылшын-кеңес келісімінің сәтті аяқталуын да алдын ала анық-тады. Ағылшын-кеңес келісімінің бекітілуі Кеңес Одағында да, Англияда да үлкен құрметке ие болды.