Аннотация
Мақалада рапс дақылының вегетативті мүшелері жапырақ зиянкестеріне қарсы күресу шараларын ұйымдастырудың негіздері қарастырылған. Далалық тәжірибелер 2022-2024 жылдары Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданының «Берік » ШҚ -да жүргізілді. Зерттеудің негізгі нысаны ретінде рапстың аудандастырылған Юбилейный, Циклон, Ратник, Форум, Сибник сорттары таңдалды. Дақылдың зиянды ағзаларымен күресу шаралары кезінде химиялық препараттар: авант, к.э. 0,2 л/га, аскум, к.э. 0,2л/га, стабилити, к.э. 0,8, лятрин, к.э. 0,1л/га. сыналды. Рапс дақылының тұқымын күнделікті өңдеу жұмыстарын жүргізу оларды аурулар мен зиянкестерден қорғауға мүмкіндік береді. Біздің зерттеу жүргізген аймақта рапс дақылының жапырағын зақымдайтын, ең көп залал келтіретін зиянкестер деп крест тәрізді бүргелерді, рапс егеушісін, қырыққабат және крестгүлділер ақ көбелегін, қырыққабат құрты және крест тәрізді бітелерді анықтадық. Жоғарыда аталған барлық сыналған препараттар жоғары биологиялық тиімділікті, яғни, 80-83 % - 5а дейінгі көрсеткішті көрсетті. Зиянкестердің (крест тәрізді бүргелер, рапс егеушісі, қырыққабат және крестгүлділер ақ көбелегі, қырыққабат құрты және крест тәрізді бітелер) саны да күрт төмендеді. Рапс тұқымдары мен дақылында сыналған препараттармен өңдеу осы дақылдың жапырақ зақымдайтын зиянкестердің зақымдануын азайтуға көмектеседі деген тұжырымға келдік.