Аннотация
Бұл мақала бүгінгі таңдакәсіби маман даярлауда болашақ бастауыш білім педагогтерінің трансверсальді дағдыларын дамыту мәселесіне арналады. Ғылыми әдебиеттерді зердел еу негізінде трансверсальді дағдыларды дамытудың қазіргі жайына талдау жасалады. Болашақ бастауыш білім педагогтерінің трансверсальді дағдыларын дамытудың әдістерінің бірі және маңыздысы тренинг жайында сөз болады. Икемді дағдыларын дамыту мақсатында жүргізілген тренингтерге деген студенттердің қызығушылықтары негізге алынып, мақалада осы мүмкіндіктерг е сәйкес олардың трансверсальді дағдыларын дамыту мәселесінің өзектілігі айқындалады. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім алушыларынажүргізілген тренингтерді Колб моделі бойынша жоспарлау және оларды өткізудің нәтижелері мен кері байланыстар талданады. Зерттеу нәтижелерінде білім алушылардың трансверсальді дағдыларға деген қатынастары мен көзқарастарының оң екендігі көрінді. Студенттерден алынған кері байланыстар бойынша, тренингбарысында келесідей трансверсальді дағдыларды: командада жұмыс жасай білуді, креативтілікті, тиімді коммуникацияны, сыни ойлауды, трансформациялық көшбасшылықты, эмоционалды интеллектіні, тайм-менеджментті және т.с.с. дамыту сапалы білім алуға, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Зерттеудің аралық нәтижелері тренингті жүргізудің Колб моделімен Кембридж университетінің білім беру факультеті ұсынған тренингтік әдістердің тиімділігін айтакеле және ұлттық құндылықтарды қолдана отырып, біздің авторлық тренингтер жүйесін жасауға жағдай туғызды.