Аннотация
Өзектілігі: Жаңа туған нәрестелер мен жаңа туған нәрестелер өмірінің алғашқы тәуліктерінде кездесетін сарғыштық синдромын зерттеу өте маңызды. 1-жасқа дейінгі балалардағы сарғаю синдромын уақытылы диагностикалау көптеген асқынулардың алдын алады. Жаңа туған нәрестелер мен жалпы нәрестелердің алғашқы айларында сарғаю синдромы табиғи физиологиялық (толық туған нәрестелерде 2 аптаға дейін және шала туылған нәрестелерде 3 аптаға дейін) және патологиялық (туған кезден бастап алғашқы екі күннен бір айдан астам уақытқа дейін). Сарғаюды дер кезінде диагностикалап, емдеу өскелең ұрпақтың дені сау болып өсуінің кепілі. Зерттеудің мақсаты – ерте балалық шақтағы сарғаю синдромының қауіп факторлары мен диагностикалық маңыздылығы туралы ағымдағы деректерді жинақтау. Материалдар мен әдістері: NCBI (PubMed), Scopus, Medline, Google Scholar, CyberLeninka және eLibrary дерекқорларындағы 2014-2024 жылдар аралығындағы отандық және шетелдік басылымдарға шолу жүргізілді. Ғылыми зерттеу нәтижелерін іздеуде мындай түйінді сөздер қолданылды: «сарғаю», «неонатальді сарғаю», «гипербилирубинемия», «холестаз», «гепатит», «жаңа туған нәресте». Іздеу кілт сөздерді қолдана отырып, MESH іздеу құралы арқылы жүргізілді. Нәтижелері: Кішкентай балалардағы сарғаю ауыр асқынулардың алдын алу үшін ерте анықтауды және тиісті емдеуді қажет етеді. Жалпы біздің ғылыми әдебиеттерден жинақтағанымыз жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалар арасындағы сарғаю синдромының қауіп факторлеріне: жүкті әйелдің жүктілік кезеңіндегі қосалқы аурулары (ЖРВИ, гестационды диабет, қаназдық), босану барысында жүргізілген эпизиотомия,сусыз кезеңнің ұзаққа созылуы,баланың ана сүтінің сары уызымен алғашқы тәуліктерде жеткілікті дәрежеде қоректенуі сияқты себептер тікелей әсер етеді. Жаңа туған нәрестелер мен нәресте өмірінің алғашқы айларында кездесетін сарғаюдың Ерте жастағы балалардағы сарғаюдың себеп-салдарын, диагностикасын дер кезінде емдеу әдістерін қолдану медицина мамандары соның ішінде участкілік дәрігерлер мен медбикелердің жұмысын едәуір оңтайландырады. Қорытынды: Соңғы зерттеулер сарғаю синдромы бір жасқа дейінгі балаларда, әсіресе жаңа туған нәрестелерде жиі кездесетінін көрсетеді. Сарғаюды ерте анықтау ықтимал ұзақ мерзімді асқынулардың алдын алады. Сары ауруды диагностикалау мен емдеуді жақсарту және зардап шеккен балаларда ұзақ мерзімді асқынулардың жиілігін азайту үшін қосымша зерттеулер қажет.