БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.83.3.017
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада болашақ педагогтерді кәсіби іс-әрекеткедайындауда білім беру ресурстарын пайдалана білуге даярлау мәселесі жан-жақты қарастырылып, талдау жасалды. Жылдам өзгеретін әлемде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби іс-әрекетіне жалпы дайындығының белгілі-бір көрінісі ретінде білім беру ресурстарын пайдалануға дайындау өзекті мәселе екендігіне тоқталады.Білім беру ресурстары–білім беру мазмұнын анықтайтын дидактикалық құндылығы бар материалдар. Білім беру ресурстарын қолдану педагогтерге оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын сапалы өзгертуге мүмкіндік береді. Білім беру ресурстарының түрлеріне–оқулықтар мен оқу құралдары, онлайн курстар, мультимедиалық материалдар, веб-ресурстар, интерактивті оқу қосымшалары мен бағдарламалары, білім беру ойындары, арнайы құрал-жабдықтар, оларға зертханалық жабдықтар, белгілі бір пәндерді оқытуға қажетті техникалық құралдар мен жабдықтарды жатқызуға болады. Мақала білім беру ресурстары бойынша қарастырылған зерттеулер, ғалымдардың еңбектері, осы сала бойынша жарияланған жазбалар, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқаулықтарға сүйене отырып жазылды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы студенттерімен жүргізілген «Болашақ педагогтың білім беру ресурстары туралы танымы» атты сауалнама нәтижелері талданды. Зерттеу әдісі ретінде аналитикалық шолу және талдау қолданылды. Зерттеу нәтижелері бойынша білім алушылардың білім беру ресурстарына деген көзқарастары анықталды.