ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙІМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.83.3.035
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала есту қабілетінжоғалтқан балалар үшін мамандырылған түзету мектеп-интернатындағыбейімдік дене шынықтырудың педагогикалық-ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеп, жинақталған оң тәжірибені теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеугеарналған. Қазіргі уақытта Қазақстанда есту қабілеті бұзылған 5000-нан астам мүгедек бала тіркелген және республика бойынша осы санаттағы балаларға арналған мамандырылған 24 мектеп жұмыс істейді.Есту қабілеті жоғалған балалардың 62%-да денелік дамудың дисгармониясы, 43%-да тірек-қимыл аппаратының бұзылулары, 60%-да вестибулярлық талдағыш қызметінің жеткіліксіздігі анықта-лады. Баланың кеңістікті бағдарлауы төмендеп, қозғалыс дағдыларын игеру бәсеңдейді, дене күшінің нашар-лауы, секіруде артта қалу, қозғалыстардың төмен қарқыны, қимыл-қозғалысты еске сақтаудың әлсіздігі байқа-лады. Зерттеу жұмыстары орындалған есту қабілетін жоғалтқан оқушы балалар тәрбиеленетін Алматы қаласындағы No1 мектеп-интернатындағы оқу-тәрбие үрдісі жастарға орта білім берумен қатар, мүгедек жандардың денсаулығын сақтауға және жақсартуға бағытталған педагогикалық, медициналық және қалпына келтіру кешені ретінде ұйымдастырылып, заманауи дене мәдениеті мен сауықтыру шараларын жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылымымен толық қамтамасыз етілген. Авторлар бейімдік дене шынықтыру пәні бойынша жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасын сараптап, есту қабылетінің бұзылыстары бар оқушылармен жүргізілетін дене тәрбиесі сабақтарында тыныс алу гимнастикасы, вестибулярлық жаттығулар, координация-лық қабілеттерді дамытуға бағытталған жаттығулар мен ырғақтық-иілімділік жаттығулар кешенін пайдалануға ұсынады.