БОЛАШАҚ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҦҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ-ПӘНДІК ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.82.2.012
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада болашақ география пәні мұғалімдерінің кәсіби-пәндік құзыреттілігін қалыптастырудың мәселелері зерттелген. Географиялық картамен жұмыс жасауда кеңістіктік ойлауды дамыту және мұғалімнің кәсіби ӛсуінде картографиялық құзыреттіліктің маңызын айқындау зерттеудің ӛзектілігін құрайды. Бұл зерттеудің мақсаты -болашақ география пәні мұғалімдерінің картографиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық негіздерін айқындау. Зерттеу әдісі –болашақ география пәні мұғалімдерінің картографиялық құзыреттілігінің педагогикалық негіздерін модельдеу арқылы қалыптастыру.Зерттеу мәселесін айқындауда педагогикалық бағытта білім алатын студенттерінің кеңістіктік ойлау туралы білімдерін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Кеңістіктік ойлаудың картографиялық құзыреттілікті қалыптастырудың алғышарт бола алатынына талдау жасалды. Зерттеу жүргізу барысында картографиялық құзыреттіліктің қалыптасуына әсер ететін үш мәселе анықталды: кеңістіктік ойлау, кеңістіктік деректерді талдау мен түсіну, картографиялық құралдарды пайдалану. Кеңістіктік ойлау мен картографиялық құзыреттілік ӛзара тығыз байланысқан жүйе болып табылады. Географиялық карталар және құралдармен жұмыс жасау кеңістіктік байланыстардың қалыптасуы мен дамуына ықпал ететіні анықталды. Болашақ география пәні мұғалімдерінің картографиялық құзыреттілігін кеңістіктік ойлау мен модельдеуге бағытталған тапсырмалар жүйесін құру арқылы қалыптастыру зерттеу жұмысының практикалық маңызын құрайды.