Бата беру салтының кейбір фольклорлық-музыкалық жанрларға ортақ сипаттары

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-148-3-170-183
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеуде «бата беру» дәстүрінің мәтіндік және орындаушылық ерекшеліктері «беташар», «жарапазан» сияқты фольклорлық-музыкалық кейбір жанрларда ортақ көрініс табатыны анықталды. Көне түркі заманынан бүгінге ұласқан бұл жанрлардың шығу төркіні, қалыптасу кезеңі, поэтикалық ерекшеліктері қазіргі ұрпаққа тәлім-тәрбие құралы ретіндегі қызметі жан-жақты талданды. «Жарапазан» мен «беташар» сияқты музыкалық фольклоржанрларында да, батаның атқаратын қызметі анық көрініс тапқан. Әдетте«бата беру» көбінде қос тармақты, егіз ұйқасқа құрылған өлең түрі – «бәйіт»сияқты тақпақталып орындалса, жарапазан мен беташарда бата мәтіндерін әрлеп тұратын музыкалық әуеннің интонациялық, саздық жағынан дами түскенін аңғаруға болады. Бірақ мәтіні бата өлең негізінде құрылып, айтылар ой барынша тұжырымды болып келеді. Батаны моңғолдар «ерөөл» деп атаған, онда айтылатын формулалы сөздер қазақ батасымен үндес, сарындаскеледі.Зерттеуде, Сарыарқа жерін мекендеген байырғы ел мен тәуелсіздік жылдарышетелден көшіп келген қандастарымыздан жазылып алынған жарапазан, беташар, баталарды мақаланың ғылыми талдау бөлігінде салыстырмалы қарастырып, ортақ ерекшеліктері тұжырымдалды. Мақалада берілген жарапазан мен беташар мәтіндері мен бата түрлері Ақмола, Қарағандыөңірлеріне жүргізілген ғылыми-зерттеу экспедиция барысында ел арасынанжазылып алынған тың материалдар ретінде сұрыпталды.