Сәулет-құрылыс дискурсы және оның жанрлық ерекшеліктері

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-148-3-127-136
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада тіл біліміндегі антропоөзектік парадигма бағыттарының бірі болып табылатын дискурстың қалыптасуы туралымәлімет беріліп, лингвистикалық тұрғыдан дискурсқа түсініктеме берген ғалымдарға шолу жасалды. Мақаланың зерттеу нысаны ретінде сәулет-құрылыс дискурсы таңдалып, ал зерттеу пәні ретінде оның жанрлықерекшеліктері анықталып көрсетілді. Сәулет-құрылыс дискурсына лингвистикалық термин ретінде анықтама ұсынылды. Сәулет-құрылыс саласымен байланыста қарастырылып, кәсіби коммуникацияғабағытталған мәтіндердің жиынтығы сәулет-құрылыс дискурсын құрайды. Күрделі дискурсивтік құрылым ретіндегі сәулет-құрылыс дискурсының жанрлық кеңістігі ғылыми, академиялық, жобалық, құқықтық, заң, маркетинг және жарнама дискурстарының аясында жүзеге асыратындығы көрсетілді. Ақпараттың жеткізілуіне қарай ауызша және жазбашатүрлері ажыратылып, сөйлеу жанры ретінде тақырыптық, мазмұндық, құрылымдық бірлікте қарауға болатындығы айқындалды. Сәулет-құрылыс саласындағы сөйлеу жанрлары ажыратылды. Олар: ғылымидискурстың сөйлеу жанры; академиялық дискурстың сөйлеу жанры; жобалық дискурстың сөйлеу жанры; құқықтық дискурстың сөйлеу жанры; заңнамалық дискурстың сөйлеу жанры; маркетинг дискурсының сөйлеу жанры; жарнама дискурсының сөйлеу жанры. Сонымен қатарсөйлеу жанрының келесі параметрлері көрсетілді: адресант және адресатбейнесі, тілдік көрінісі, коммуникативтік құзыреттілік, қатысымдық мақсат, қатысымдық интенциясы, диктум және модус мазмұны, сөйлеу әрекетінің жиынтығы.