Абайдың «Қара сөздеріндегі» «уайым-қайғысыздығына уайым- қайғы қылу» ұғымы

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-148-3-106-116
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қоғам мен тілдің қарым-қатынасын, адамның қоғамдағы психологиясын, мінезін, ділін тіл арқылы зерделеп, психология менэтнографиядағы тілдің әлеуметтік табиғатын жүйелейтін әлеуметтік тіл білімінің қазіргі таңда маңызы ерекше болып отыр. Мақаланың мақсаты – қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелердің, әлеуметтік көзқарастар мен әлеуметтік құндылықтардың тілдегі және сөйлеу дискурстарындағы көрінісін Абай шығармалары негізінде зерделеу. Зерттеу мақалада Абайдың «уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қылу» тұжырымылингвопсихологиялық, лингвомәдени тәсілдер аясында тұңғыш рет ғылыми сараланады. Ғылыми мақаланың мәні – Абай айқындаған өмір харекеттерінің жиынтық өлшемін мәнін ашу, талдау, жүйелеу. Харекет жиынтығының жеке тұлға өміріндегі тұтастық пен бүтіндіктіқалыптастырудағы маңызын зерделеу. Ғылыми жұмыс нәтижелерініңпрактикалық маңызы – қазіргі қазақ қоғамында рухани қажеттіліккеайналып отырған ұлттық құндылықты Абай тұжырымдары арқылы көрсету. Абай айтқан «сөзіне қарай кісіні алу» идеясы қазіргі таңда әлемдік тіл білімінде сөзді зерттеудің басты бағыттарының бірі ретінде танылады. Мақалада адам мен оған қатысты базалық құндылықтардың динамикалық рейтингі мен оларды реттеуші ұғымдар мен қағидаларАбай даналығы арқылы айқындалады. Тарихи тәжірибе арқылы кешенді жүйеге түскен Абайдың ғылыми ойлары қазір құндылық концепциясынаайналған. Абай сөзінің концептуалды қатар құрайтын тұжырымдары аксиологиялық тұрғыдан зерделенуінің практикалық маңызы бар.