М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегіндегі есімшелердің адъективтенген, заттанған тұлғалары

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-148-3-18-28
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақ тілінің қалыптасып, даму тарихын зерттеуде көне, орта түркі ескерткіштерінің алатын орны ерекше. М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегіндегі тілдік тұлғаларды зерттеу, зерделеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл еңбек әдебиет, тарих төңірегінде кеңінен зерттелгенімен, лингвистикалық, қазақ тіл білімі теориясы тұрғысынан толық зерттеліп болған жоқ. Сондықтан бүгінгі мақаламызда М.Қашқари «Сөздігіндегі» есімшелер және олардың адъективтенген, заттанған тұлғалары талданды. Бұл тақырып қазақ тіл білімінде алғаш рет сөз болып отыр.Мақаланың негізгі мақсаты – орта түркі жазба ескерткіші саналатын М.Қашқаридің «Сөздігіндегі» есімшелерге тоқталып, олардың заттық, сындық мәнін, қолданыста берілу жолдарын анықтау. Осы мақсатқа жету жолында мақалада ХІ ғасырда қолданысқа түскен есімшелер тобы тарихиграмматика негізінде жүйеленіп, предикаттық және атрибуттық мәндеріанықталды.Мақалада М.Қашқаридің «Түрік сөздігі» (аудармашы А.Егеубаев) негізгі дереккөз ретінде пайдаланылып, отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық тұжырымдары мен түсіндірмелері басшылыққа алынды.Мақаланың зерттеу нәтижелері орта түркі жазба ескерткіштері мен туған тіліміздің тарихын зерделеуге үлес қосады. Сондай-ақ, тарихи грамматика, қазақ сөзжасамы бағытындағы зерттеушілерге пайдалы болмақ.