МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ МЕНШІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ АҚМОЛА ӨҢІРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІНЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.3.24-519
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақаланың мақсаты Ақмола өңірінің экономикалық өсуіне МЖӘ әсерін анықтау болып табылады. Зерттеу объектісі Ақмола облысында жүзеге асырылған МЖӘ жобалары және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму процесі. Талдау нәтижесі бойынша өңірдің экономикалық өсуіне МЖӘ әсері бағаланды. Зерттеу барысында Ақмола өңірі бойынша жүзеге асырылған МЖӘ жобаларына динамикалық талдау жасалды. Талдау барысында 2018-2022 жылдар аралығында МЖӘ жобалары және өңірдің экономикалық өсуін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер туралы ақпараттар қолданылды. Хоррард-Домер моделін қолдана отырып, өңірдің экономикалық өсуі анықталды және оған әсер еткен факторларға факторлық талдау жасалды. Ақмола облысында 2018-2022 жылдар аралығында барлығы 66 МЖӘ жобасы жүзеге асырыла бастаған, барлығы 7783,26 мың теңге көлемінде инвестиция тартты және осы жылдар аралығында тартылған инвестициялар орташа есеппен 15,36% үлесті құрады. Р. Харрод пен Е. Домар моделі бойынша экономиканың өсу қарқыны мынаны көрсетті: инвестицияның жиынтық табысқа қатынасы орташа есеппен 0,88 млн тг, капитал сыйымдылығы 2,25 млн тг, экономиканың өсу қарқыны 0,38 немесе 38,26% өскен. Қорыта келгенде, Ақмола облысы бойынша МЖӘ сәтті жүзеге асыру үшін тұрақты инвестициялық климат құру қажет.