М.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЛИНГВОКОГНИТОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss3pp116-127
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада когнитивті лингвистика, концепт мәселелері қарастырылған. Концепт жайындағы түрлі көзқарастар мен классификациялар берілген. Концепттің танымдық білімнің көрінісі екендігі жайында, мәдени концепт ретінде анықталуымен қатар, концепттің түрлері қарастырылған. Зерттеу жұмыста М.Әуезовтің шығармалары алынып, ондағы «байлық-кедейлік» концептілері талданған. Мақаланың мақсаты М.Әуезов шығармаларының лингвокогнитологиясы, туындылардағы концепттің халық санасында қалыптасқан әлемнің бейнесін анықтау. Қаламгердің «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Сөніп-жану», «Барымта» шығармаларындағы «байлық» пен «кедейлік» концептілерінің ассоциациялық өрісі анықталған. Байлық құттың синонимі ретінде анықталғанымен, зорлықтың, сараңдық, қомағайлық сынды қасиеттердің синонимі көрінеді. Кедейлік әлсіздіктің, шамасыздық жоқшылықтың көрінісі ретінде сипатталады. Қазақ жеріндегі «байлық» жайындағы және «кедейлік» турасындағы өзгерістердің себебі саяси өзгерістерге байланысты қалыптасқан. Шығармалардың ағылшын тіліндегі нұсқаларында «байлық» – жадность, «кедейлік» – позор, обида мағыналарында көрінеді. Мақаланың құндылығы М.Әуезов шығармаларындағы астарлы мәнді, сол кезеңдегі халықтың танымын «байлық» және «кедейлік» концептілері арқылы анықтау негізінде отаршылдық кезеңіндегі қарама-қайшылықтар жайындағы аялық білім анықталады. Сонымен бірге, мақалада «байлық - кедейлік» концептісінің құрылымы анықталған. Мақалада Ж.Сұлтан, D. Geeraerts, Y. Cuyckens, Б.Тлеубердиев, Ж.Қошанова, Н.Шахметова сынды зерттеушілердің пікірлері қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдар мен пікірлер концептуалды талдаудың, концепт жайындағы зерттеулерге түрткі бола алады.