XIX ҒАСЫРДА АҚТӨБЕ УЕЗІНДЕГІ БОЛЫСТАР ЖӘНЕ БОЛЫСТЫҚ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2024.t75.n1.08
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бүгінгі таңда, қазақ халқының «Жаңа Қазақстан» құру жолында ұлттық жаңаруы мен тәуелсіздігіміздің нық берік қалыптасу жолында, тарихымыздың кейбір кемшіл тұстарын толықтырып, тарихи шындықтарды қалпына келтірудің маңыздылығы артуда. Сол бір кемшіл тұстарының бірі ХІХ ғ. Патша үкіметінің қазақ халқын жаулап алу мақсатында бір жағынан қарулы күшке, отарлау апаратына, екінші жағынан, қазақ шонжарларының феодалдық басшы топтарына сүйеніп өз жұмыстарын жүргізген саясаты болатын. Ресей империясының құрамындағы Қазақстандағы басқару жүйесін дамыту мәселесі отандық тарих ғылымында өзекті болып табылады. Бұл мәселенің өзектілігі дәстүрлі билік институттарын зерттеуге деген қызығушылықтың артуына байланысты туындап отыр. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы реформалар көшпелі қауымдардың басқару тетіктерін өзгерткен болатын.Бұл мақалада Патша үкіметінің еңгізген реформаларынан кейінгі Ақтөбе уезіндегі әкімшілік басқару құрылымындағы болыстардың рөлі және олардың маңыздылығы туралы зерделенеді. Бұрын жарияланбаған мұрағат құжаттарына сүйене отырып, мақалада Ресей империясының далалық өлкелерінің байырғы тұрғындарының қазақ даласында 1868 жылғы әкімшілік реформаны жүзеге асырудағы нақты бір жағдайы қарастырылады. Зерттеу жұмысында 1881-1883, 1884, 1899 жылдардағы Ақтөбе уезіндегі болыстардың тізімімұрағат құжаттары бойынша берілген.