Құрылыс 3D басып шығару технологиясында қалдық негізіндегі модификациялық қоспаларды пайдалану

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2024-148-3-97-113
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Құрылыс индустриясында инновациялық 3D басып шығару технологияларының енгізілуі материалдардың тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Осы технологияның дамуымен қатар, қалдық материалдарды қолдану арқылы модификациялық қоспалар жасау қажеттілігі туындады. Бұл зерттеу қалдық негізіндегі модификациялық қоспалардың құрылыс 3D басып шығару технологиясында қолданылуын қарастырады. Қабатты экструзия әдісімен қалыптасқан ұсақ түйіршікті бетондардың негізгі физика-механикалық қасиеттері мен беріктігі шикізат қоспаларының құрамына, өзара әрекеттесу жағдайына және реотехнологиялық қасиеттердің берілген кешені бар цементтерді, ерітінділерді және бетондарды алу кезінде модификациялық қоспасын қолданудың жоғары тиімділігін көрсету. Зерттеу барысында қалдық материалдардың қасиеттері зерттеліп, олардың 3D басып шығару үшін пайдаланылатын құрылыс қоспаларының құрамында қолданылу мүмкіндігі талданады. Қалдық материалдардың тиімділігін және олардың құрылыс материалдарының физикалық-механикалық қасиеттеріне әсерін анықтау мақсатында түрлі эксперименттер жүргізілді. Нәтижесінде, қалдық негізіндегі модификациялық қоспалар құрылыс 3D басып шығару технологиясында құрылыс материалдарының беріктігін, тұрақтылығын және экологиялық достығын арттыруға ықпал ететіні анықталды. Бұл тәсілдердің экологиялық тиімділігі мен экономикалық пайдаларын қарастыра отырып, құрылыс саласында жаңа мүмкіндіктер мен шешімдер ұсынуға бағытталған.