ШЕШЕНДІК ДИАЛОГ: ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.3.74.012
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада шешендік сөздер дискурсындағы диалогтық қатысым талданады. Дискурстағы диалогта шешен (сөйлеуші тұлға) өзін қайталанбастай күйде танытады. Шешеннің нені түгел айтып, нені бүгіп отырғаны диалогтық қатысымда айқын аңғарылады. Диалог –табиғи құбылыс, ал осы диалогке қарағанда монологты қабылдау, түсіну тыңдаушыға ауырлау, күрделілеу болады. Шешенннің коммуникативтік интенциясын тыңдаушының аңғара білуі диалогтың ойдағыдай өтуіне септігін тигізеді. Зерттеудің мақсаты –шешендік диалогтың құрылымы мен түрлерін анықтау . Зерттеудің ғылыми маңызы: Шешендік диалог үлгілерін антропоөзектік аспектіде қарастыраотырып, қазақ танымындағы диалогтың ерекшеліктеріне байланысты тың тұжырымдар жасалды. Шешендік диалогтарда сұрау қою арқылы диалогтың эстетикалық, көркемдеуіштік қызметі айрықша танылатыны айқындалды. Зерттеу қорытындылары ұлттыққатысым мәдениетін, коммуникация теориясын, дәстүрлі сөзсаптам жүйесін диалог теориясымен байланыстырып зерттеушілер үшін пайдалы болмақ. Сонымен қатар, шешендік диалог түрлерінің анықталуы қазақ тілтанымындағы дискурс, диалог теориясын жаңа тұжырымдармен толықтырады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижелерін лексикология, дискурс, этнолингвистика, коммуникативтік актілер теориясы мен тілдің танымдық қызметін зерттейтін елтаным, мәдениеттану бағытындағы салаларда теориялық материал ретінде қолдануғаболады. Зерттеу барысында диалогтық фрагменттерді құрылымдау әдісі, мәтінді құрылымдық-семантикалық, коммуникативті-прагматикалық, кешенді талдау әдісі қолданылды.Зерттеу барысында төмендегідей ғылыми тұжырымдар жасалды:-диалог –шешендік сөздер дискурсының ажырамас бөлігі;-сұрақ-жауапқа құрылған диалогтардан шешендік сөздің идеясы, шешеннің рухани дүниетанымдық қасиеттері арқылы адам өмірінің сыр-сипаты ашылып, моральдық-этикалық тұжырымдар жасалып, қоғам, дүние, жаратылыс жайының сырлары танылады.-шешендік сөздерде коммуникативтік мақсаттың типтеріне, коммуникацияға қатысушылардыңөзара пікір алысуына орай диалог белгілі бір тілдесім жанрлары арқылы жүзеге асады.-шешендік диалогтың халықтық жұмбақ, жаңылтпаш, өлең, табу, мақал-мәтел сияқты сипаттарды иеленіп, жұбату, естірту, жоқтау, көңіл айту сияқты қызметтерді атқаруы –шешендік диалогтың лингвомәдени ерекшеліктерін танытатын бір қыры болып есептеледі.-шешендік сөздер дискурсындағы диалог –қазақ танымындағы диалогтың озықүлгісі депайтуға әбден болады.