ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ РӨЛІ (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіндегі Қазақстанның студенттері мен Қытай және Моңғолиядан келген қандас студенттердің арасында жүргізілген сауалнама негізінде)

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2024.t77.n3.07
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада отбасының негізгі құндылықтары жан-жақты талданды. Қазақ халқының рухани байлығының бірі – отбасы құндылықтары. Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және мәдениет пен адамгершілік қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы болып табылады. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтардың орны ерекше. Әр бала негізгі құндылықтарды отбасынан алады және отбасында бойына сіңірген барлық құндылықтарды ересек өмірінде ұстанады. Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылықтар аясын кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Жаһандану процесі өсіп келе жатқан жасөспірімдерге кері әсерін тигізіп, өз ұлттық болмысынан алыстатып, ұлтқа жат құндылықтарды бойына сіңіруіне әкеледі. Сондықтан ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру әрбір отбасының мақсаты болуы тиіс. Мақалада авторлар жаһандану жағдайында Қазақстандағы студенттер мен Қытай және Моңғолиядан келген қандас студенттердің арасында сауалнама жүргізіп оны талдау арқылы отбасы құндылықтарының рөлін анықтады. Сонымен қатар Қазақстандағы студенттер мен Қытай және Моңғолиядан келген қандас студенттердің отбасы құндылықтары талқыланып, басты құндылықтар анықталды.