Қазіргі қазақ айтысының көркемдік-идеялық сипаты (Мұхамеджан Тазабек айтыстары негізінде)

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ph3/182-192
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазіргі ақындар айтысының, оның ішінде қазақ айтысын жоғары деңгейге көтерген суырып-салмалық өнердің шебері, белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабектің шебер сөз саптауы, айтыстарындағы тақырыптық жаңалығы қарастырылған. Оған қоса, айтыс өнері әсерлі поэтикалық тіл мен әсем әуеннің жарасымы ғана емес, өткір тіл мен ақиқат сөзді тура айтар шындық алаңы екені дәлелденген. Аталмыш мақалада мынадай мәселелер қамтылған: М. Тазабектің Әселхан Қалыбековамен, Айбек Қалиевпен, Дәулеткерей Кәпұлымен, Балғынбек Имашевпен айтыстарындағы сөз саптауы, ақын көтерген тақырыптардың сонылығы. Жүргізілген зерттеулердің негізінде М. Тазабек айтыстарында тәуелсіздік алған тұстағы елдегі жағдай, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, әртүрлі діни ілімдердің насихатталуы, ақша құлдырауы, шенді-шекпенділердің ел қазынасынан қаражатты ұрлауы және т.б. мәселелерді уақытылы қозғағаны анықталып отыр. Сонымен қатар, айтыскердің ақын ретінде орамды ойларын түйдекті сөздермен, жыршылық сарынды ұстана отырып, тұрақты сөз тіркестерін авторлық қолданыста шебер жұмсайтыны айқындалады. Талданған айтыс үлгілері аудионұсқада, ғаламтор бетінде көп тыңдарманның ыстық ықыласына бөленіп көпшіліктің көкейінде жүрген түйткілді мәселелерді қозғаған сөз жарыстары болып табылады. Мақаланың мақсаты — Мұхамеджан Тазабек айтыстарының қазіргі қазақ айтысының көркемдік-идеялық сипатын арттыруға қосқан үлесін анықтау.