ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚАРАҚАЛПАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ «АЗ», «АТ», «ҚОЙ» ТҮБІРЛЕРІНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss3pp43-53
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада түркі тілдерінің классификациясы бойынша қыпшақ бұтағына жататын қазақ және қарақалпақ тілдері қарастырылды. Аталған тілдердегі бір буынды «аз», «ат», «қой» ортақ түбірлеріне семантикалық талдау жасалды. Ғылыми зерттеуіміздің негізгі мақсаты – қазақ және қарақалпақ тілдеріндегі бір буынды түбірлердің семантикалық дамуын анықтау арқылы, түбі бір түркі тілдерінің қазіргі даму бағыты мен лексикалық бірліктердегі семантикалық ерекшеліктерді саралау. Зерттеу жұмысының нәтижесінде «аз», «ат» және «қой» түбірлері өзінің түркілік негізін сақтағандығы анықталды. Қарастырылған үш түбір де негізгі мағынасымен қатар қосымша жаңа семаға ие болған, бір тілде мағынасы тарылса, екіншісінде кеңею үдерісі орын алған. Мағынаның тарылу-кеңею құбылыстарына көп жағдайда ұлттық дүниетанымның дамуы мен экстралингвистикалық сыртқы факторлар әсер еткен. Түркі тілдерін тарихи-салыстырмалы аспект негізінде зерттеу – түркілік ортақ түбірлерді нысан етіп алудың маңызы мен ерекшелігін, атаулардың семантикалық даму сипатын зерделеудің өзектілігін, тілдегі ұлттық дүниетанымды лингвопсихологиялық бағытта талдаудың да құндылығын көрсетеді. Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңызы: жалпы түркілік түбірлерді қазақ және қарақалпақ тілдері негізінде семантикалық талдау атаулардың құрылымдық мәні мен сипатын айқындауға және тілдердің динамикалық дамуындағы маңызды өзгерістерді терең зерделеуге мүмкіндік береді.