Жазушы К. Тоқаев шығармаларындағы сөздік құрамның сипаты

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ph3/99-106
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада детектив жанрындағы көркем шығармалардың лексикалық қабаты, сөздік құрамы зерттелген. Зерттеу нысанына қазақ әдебиетінде осы жанрда алғаш шығармалар жазған Кемел Тоқаевтың шығармашылығы, оның ішінде «Солдат соғысқа кетті», «Соңғы соққы», «Түнде атылған оқ» туындылары алынған. Мақала мақсаты — қазақ детектив жанрындағы, соның ішінде К. Тоқаев шығармаларындағы сөздік құрамды сипаттау, лексикалық қабаттардың ерекшеліктерін анықтау. Осыған орай аталған шығармалардағы актив және пассив лексиканы, кірме сөздерді, көнерген сөздерді талдау міндеттері қойылды. К. Тоқаев шығармаларында әскери лексиканың кеңінен пайдаланылатыны байқалды: олар әскери шен, лауазым, қару, нысан, киім, т.б. атаулары. Бұл сөздердің басым көпшілігін орыс тілінен енген сөздер құрайды. Олар өзгермеген дайын түрінде немесе қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық заңдылықтарына сай өзгертіліп алынған. Әскери лексиканың қолданысын детектив жанрының ерекшелігіне жатқызуға болады. Олар шығарманың актив лексикасын құрайды. Бұдан бөлек шығарма тілінде діни лексика, мәдени лексика да едәуір көрініс табады. Шығармаларда кірме, жаңа сөздерге қарағанда көнерген сөздердің аз қолданылуы заңды, өйткені бұл туындыларда совет дәуіріндегі кезең, соғыс уақыты сипатталады. Ал бұл Ресей үкіметінің әр алуан әскери, әкімшілік, заң-тәртіп орындары, олардың бұйрық-жарлықтары, ереже-нұсқауларының басым бөлігі орыс тілінде болған уақыты.