ӨСІМДІК ЭКСТРАКТТАРЫ ЖӘНЕ ПРОПОЛИСПЕН (PROPOLIS)ЕМДІК-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТІС ПАСТАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.37.29.024
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Соңғы жылдары стоматология бағытының дамуымен сәйкес, ауыз қуысы гигиенасына ерекше назар аударылып келеді, себебі оны дұрыс күтпеу түрлі ауыз қуысы ауруларына шалдығуға әкеліп жатыр. Осы тұста ең көп қолданылатын бұйым, тіс пастасы және нарықта олардың сан түрлері кездеседі. Тіс пастасы құрамына кіретін биологиялық активті компоненттер, пайдалы элементтер, дәрумендердің негізгі көзі болып табылады. Сол себептен, ерекше компоненттерден тұратын, табиғи, дәрілік өсімдік шикізаттарынан, атап айтқанда, Етжапырақты бадан (Bergenia crassifolia L.), Кәдімгі сәлбен (Salvia plebeia) экстракттары және прополиспен (Propolis) емдік-профилактикалық тіс пастасының құрамын жасау өзекті. Өсімдік экстракттары және прополиспен (Propolis) емдік-профилактикалық тіс пастасының құрамы мен технологиясын жасау, сонымен қатар тіс пастасының сапа көрсеткіштерін анықтау. Емдік-профилактикалық тіс пастасының құрамын жасау келесі компоненттермен жүргізілді: кальций карбонаты (абразивті зат), кальций глюконаты (кариеске қарсы зат), глицерин (ылғалдандырғыш), натрий кмц (қоюландырғыш), натрий лаурилсульфаты (көбіктендіргіш), натрий бензоаты (консервант), жалбыз эфир майы (хош иістендіргіш), тазартылған су (еріткіш), кәдімгі сәлбен экстрактысы, етжапырақты бадан экстрактысы, прополис экстрактысы (әсер етуші заттар). С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында өсімдік экстракттары, яғни, Етжапырақты бадан (Bergenia crassifolia L.), Кәдімгі сәлбен (Salvia plebeia) және прополиспен (Propolis) емдік-профилактикалық тіс пастасының құрамымен технологиясы жасалды. Сонымен қатар, алынған емдік-профилактикалық тіс пастасының сапа көрсеткіштері анықталды.