ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА МҮГЕДЕКТІКТІ БЕЛГІЛЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52425/25187252_2024_31_37
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аннотация. Әлемнің барлық елдері секілді Қазақстан Республикасында да мүмкіндігі шектеулі балалардың саны жыл сайын артуда. Мүмкіндігі шектеулі балалардың үлкен бір санаты – есту қабілеті бұзылған балалар. 2019 жылғы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда есту қабілеті бұзылған 200 000 адам болса, соның ішінде 700 балада туа біткен есту қабілетінің ақаулары болған. Ең өкініштісі – жыл сайын бұндай балалардың саны 5% артып отыратындығы. Дүниеге келген 1000 сәбидің біреуі саңырау болып туылса, 1 жасқа жеткенде олардың саны бірнешеге арта түседі. Есту қабілеті бұзылған балалар қажетті тексеру құралдарының жоқтығынан мамандардан ерте көмек ала алмай, көп жағдайда мүмкіндігі шектеулі балалар қатарына қосылады. Кәмелетке толған кездегі мүгедектік тобына өту шарттарының өзгеруі олардың денсаулығын сақтау және қалпына келтіру құқықтарын шектеп қана қоймайды, сонымен қатар өмір бойы мүгедектікке ұшырауының негізгі себебі болып табылады. Мақалада еліміздегі есту қабілеті бұзылған балаларға мүгедектік тағайындау кезінде назарға алынуы тиіс маңызды шарттар, мүгедектік белгілеу механизмін жетілдірмеген жағдайда одан туындайтын мәселелер мен салдарлар қарастырылып, оларды шешу жолдары ұсынылады.