Қазақстан Республикасының әуе тасымалдар нарығын талдау

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2024-3-109-129
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасының әуе тасымалдар нарығының қазіргі таңдағы жай-күйі мен өзекті мәселелеріне талдау жасалынған. Сонымен қатар, талдау негізінде анықталған проблемаларды шешуге бағытталған маңызды іс-әрекеттер қатары қарастырылған. Ғылыми жұмыста ресми статистикалық ақпарат көздеріне негізделген, әуе тасымалы нарығын сипаттайтын жүк және жолаушылар ағыны мен айналымының 1990-2023 жылдар аралығындағы 34 жылдық динамикасы, ұшақ салонының эконом санатындағы әуе билеттерінің тұтыну бағаларының индексі, бір билеттен түскен орташа табыс көлемі (сатылған билеттің бір данасының орташа бағасы), әуе тасымалына деген ұшуға бейімділік және оның Қазақстан үшін 2030 жылғы болжамды көрсеткіші және оның өзге де мемлекеттермен салыстырғандағы мәні, сонымен қатар, ішкі тасымалдарға деген ұшуға тартымдылық секілді көрсеткіштердің жылдар аралығындағы динамикасы көрсетілген. Жалпы осы талдауды негізге ала отырып, қазіргі таңдағы Қазақстанның әуе нарығының қарқынды дамып келе жатырғандығы және болашақтағы оның едәуір артуы болжамы негізінде оның Орталық Азиядағы транзитті дәліздерді иемденуде потенциалының жоғары екендігіне қорытынды жасауға болады, және ол өз кезегінде осы нарықта туындап отырған мәселелермен қатар тәуекелдерді барынша митигациялаудың маңызды екендігін көрсетеді. Түйін сөздер: әуе тасымалдар нарығы, жолаушылар тасымалы, жүк тасымалы, әуекоманиялар, әуе билеті.