Қазақстан халқының өмір сүру деңгейіне АӘК әсерін бағалау

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2024-3-149-162
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа. Бұл жұмыстың мақсаты –экономометрикалық талдау негізінде атаулы әлеуметтік көмектің халықтың өмір сүру деңгейіне әсерін бағалау болып табылады. Мақалада халықты әлеуметтік-экономикалық қорғау жүйесіндегі атаулы әлеуметтік көмек түрі (бұдан әрі АӘК) қарастырылып, халықтың өмір сүру деңгейіне АӘК-тің әсері талданды. Атаулы әлеуметтік көмек кедей және өте кедей халықтың жағдайын жақсартуға, әсіресе азық-түлік қажеттіліктерін өтеуге көмектесуі қажет. Негізінен атаулы әлеуметтік көмек кедей отбасылардың табысын ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көтеруге бағытталуы тиіс. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, табысы төмен үй шаруашылықтарына тағайындалатын атаулы әлеуметік көмек халықтың әл-ауқатына өте аз деңгейде әсер етеді. Яғни бұл көмек түрі кедейлік және теңсіздік көрсеткіштерін төмендетудің негізгі құралы бола алмайды. Бұндай өте төмен әсердің себебін АӘК-тің орташа айлық мөлшерінің аздығымен және осындай әлеуметтік көмектерді алу принципінің дұрыс сақталмауымен түсіндіреміз. Сонымен қатар мақалада кедей үй шаруашылығының табысындағы АӘК-тің үлесі өте төмен екендігі дәлелденді. Атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізудегі кедергілердің 50%-ы - кедей халыққа арналған атаулы әлеуметтік көмек түрінің бар екендігі жайлы хабардарлықтың жеткіліксіздігі анықталды, бұл мәселе әсіресе ауылды аймақтарда көбірек байқалады.