ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН ҚҰРҒАН АДАМДАРДЫҢ ЖЕКЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52425/25187252_2024_31_67
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық еткен қылмыскердің жеке басының криминологиялық сипаттамасы ашылады. Авторлардың пікірінше, қылмыскердің жеке басын зерттеу жалпы қылмыстылықты, оның жекелеген түрлерін зерттеу, себеп-салдарлық кешенді анықтау үшін қажет, онсыз тиімді қарсы іс-қимыл шаралары жүйесін әзірлеу мүмкін емес. Мақала қылмыс жасаған адамның әлеуметтік-психологиялық деректерін анықтауға арналған, сонымен қатар жұмыста экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылықтың ішкі, әлеуметтік себептерін қорытындылау туралы мәліметтер келтірілген, осы қылмыстарды жасаушы қылмыскерлердің жеке басын сипаттаушы заңдылықтар анықталып белгіленген. Авторлар экономикалық қылмыстың статистикалық деректерін талдау негізінде қазіргі қазақстандық қылмыскердің портретін ұсынуға тырысады. Зерттеушілердің пікірлері бойынша құқық бұзушылардың азаматтығы, гендерлік сипаттамасы, жас санаты, білім деңгейін анықтау орынды болып көрінеді. Авторлардың ой қорытындылары бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабында «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басшылық ету» көзделген әрекетті жасаған қылмыскердің «портреті» бұрын жүргізілген криминологиялық зерттеулермен салыстырылып, бұл адамдарға тән белгілі бір әмбебап белгілердің бар екендігіне көз жеткізіледі.