Аннотация
Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен халықтың денсаулығына елеулі зардаптарға әкелетін электрондық қалдықтарды басқарудың күрделі проблемасымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл мәселені тиімді шешуде және халықаралық стандарттарға сәйкес электрондық қалдықтарды қауіпсіз және тұрақты басқаруды қамтамасыз ету үшін құқықтық реттеу маңызды болып табылады. Нақты мақалада Қазақстан Республикасындағы электрондық қалдықтарды басқару саласындағы заңнамалық базаға талдау жасалынған. Онда заңнаманы жетілдіруді қажет ететін бағыттар айқындалып, құқыққолдану шараларын барынша қатаңдатуға және құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіруге шақырады. Мақаланың мақсаты – жаһандық тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасын- дағы электрондық қалдықтарды басқарудың неғұрлым кешенді және тиімді заңнамалық базасын дамытуға және қоршаған орта мен халықтың денсаулығына қатысты мәселелерді шешуге үлес қосу.