Аннотация
Бүгінгі таңда жер шарының халқы жаһандық экологиялық проблемалардың қаупі жағдайында қалып отыр. Климаттың өзгеруі жаһандық экологиялық проблема ретінде, оның пайда болуы негізінен өнеркәсіп пен өндірістің өсуімен байланысты, дүниежүзілік қоғамдастықтың алдына климаттың өзгеруінің жағымсыз салдарын жұмсарту және онымен күресу міндетін қояды. Климатқа әсерін реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру, олқылықтарды жою мақсатында «Климатты және жердің озон қабатын қорғау туралы» заң жобасын әзірлеу перспективасы бар көрінеді. Бұл ғылыми мақаланың мақсаты цифрландыру жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы климатты қорғаудың құқықтық мәселелерін зерделеу, осы саладағы қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану тәжірибесін, негіз ретінде жетілдіру бойынша тұжырымдамалық негіздерін, теориялық ережелерін, қорытындыларын, практикалық ұсынымдарын негіздеу және әзірлеу болып табылады.