Аннотация
Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және оны практикада қолдану мен орындау бойынша онымен байланысты мәселелер де бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған. Бұған дәлел ретінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату институтының жалпы нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды алуға болады. Қылмыстық және қылмыстық- процестік заңнамасында, сондай-ақ «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы нормативтік қаулысында көзделген қағидалар негізінде ғана сотпен қарастырылатын жазаның қалған өтелмеген бөлігі ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою жөніндегі мәселелер жеке назар аударуды қажет етеді. Аталған заңнамалық актілер мен ғылыми әдебиеттер негізінде мақалада шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою шарттарына талдау жүргізіледі, олардың негізінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 72-бабы 7-бөлігінің редакциясы бойынша ұсыныстар енгізіледі.